Әркүндік қолдану, 1 қосу және сөндіру, 2 автоматты түрде сөндіру – Electrolux EHL7640FOK Manual del usuario

Página 8: 3 қызу параметрі, 4 көпір функциясы, 5 автоматты түрде қыздыру

Advertising
background image

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

4.1 Қосу және сөндіру

Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін

белгісін 1 секунд басыңыз.

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция құрылғыны төмендегі жағдайларда

автоматты түрде тоқтатады:
• Пісіру алаңдарының барлығы өшсе ( ).
• Құрылғыны іске қосқан соң қызу параметрін

орнатпасаңыз.

• Басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса

немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім

т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал біраз

уақыт естіліп тұрады да, құрылғы сөнеді.

Заттарды алыңыз немесе басқару панелін

тазалаңыз.

• Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,

кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша

қайнаса). Құрылғыны қайта қолданар

алдында пісіру алаңы салқындағанша

күтіңіз.

• Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса.

белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан

кейін автоматты түрде сөнеді.

• Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу

параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы

уақыттан кейін жанады да, құрылғы

жұмысын тоқтатады. Келесі ақпаратты

қараңыз.

• Қызу параметрі мен Автоматты түрде

сөндіру функциясы уақыттарының ара

қатынасы:

, - — 6 сағат

- — 5 сағат

- — 4 сағат

-

— 1.5 сағат

4.3 Қызу параметрі

Қызу параметрінің басқару жолағын түртіңіз.

Параметрді өзгерту үшін саусағыңызды

басқару жолағының үстімен сырғытыңыз.

Дұрыс қызу параметрі орнатылмайынша

босатпаңыз. Бейнебетте қыздыру параметрі

көрсетіледі.

4.4 Көпір функциясы

Көпір функциясы екі пісіру алаңын өзара

қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде

жұмыс істейді.

Алдымен пісіру алаңдарының біріне қызу

параметрін орнатыңыз.

Көпір функциясын сол/оң жақ пісіру алаңдары

үшін қосқыңыз келсе, / белгісін түртіңіз.

Қызу параметрін орнату немесе өзгерту үшін

сол/оң жақ басқару сенсорларының бірін

түртіңіз.

Көпір функциясын сөндіру үшін /

белгісін түртіңіз. Пісіру алаңдары дербес

жұмыс істейді.

4.5 Автоматты түрде қыздыру

Автоматты түрде қыздыру функциясын

қоссаңыз, қызу параметрінің қажетті мәніне

жылдамырақ жетуге болады. Бұл функция

біраз уақыт (сызбаны қараңыз) қыздыру

параметрінің ең жоғары мәнін орнатады да,

содан кейін қажетті қыздыру параметріне

дейін түсіреді.

Пісіру алаңын автоматты түрде қыздыру

функциясымен бірге бастау үшін:

1.

түймешігін басыңыз. (бейнебетте

жанады).

2.

Қажетті қыздыру параметріне дереу

басыңыз. 3 секундтан кейін бейнебетте

жанады.

Функцияны тоқтату үшін қызу параметрін

өзгертіңіз.

8

www.electrolux.com

Advertising