Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер, 4 есіктің сөрелерін орналастыру, 5 freestore – Electrolux ERN3313AOW Manual del usuario

Página 8: 1 қуатты үнемдеуге қатысты ақыл-кеңес, 2 жаңа тағамды тоңазытуға қатысты ақыл-кеңес

Advertising
background image

3.4 Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

биіктікке қоюға болады.

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен

тартып шығарыңыз да, қажетті орынға

қойыңыз.

3.5 FreeStore

Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам

суытып, камера ішіндегі температураны

барынша біркелкі ұстауға көмектесетін

құралмен жабдықталған.

Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске

қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін

немесе бөлме температурасы жоғары болған

кезде температураны жылдам қалпына

келтіреді.

Қажет болғанда құралды қолмен қосуға

мүмкіндік береді ("FreeStore режимі" тарауын

қараңыз).

FreeStore құралы есік ашық кезде тоқтайды

да, есік жабылғаннан кейін дереу іске

қосылады.

4. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР

4.1 Қуатты үнемдеуге қатысты

ақыл-кеңес

• Есікті жиі-жиі ашпаңыз не қажетті уақыттан

артық уақыт ашып тұрмаңыз.

• Орта температурасы жоғары болса,

температура регуляторы ең жоғарғы

параметрге қойылса және тоңазытқыш

ішіне тамақ толтырылса салынса,

компрессор буландырғыш құралдың үстіне

мұз қатырып, үздіксіз жұмыс жасауы мүмкін.

Бұндай жағдай орын алса, температура

регуляторын құрылғы электр қуатын

үнемдей отырып өздігінен жібу үшін төменгі

көрсеткішке қойыңыз.

4.2 Жаңа тағамды тоңазытуға

қатысты ақыл-кеңес

Ең жақсы нәтижеге жету үшін:
• жылы не буы бұрқырап тұрған сұйық

заттарды тоңазытқышқа қоймаңыз

• тағамның бетін жабыңыз не оны орап

салыңыз, әсіресе ол өткір иісті болса

8

www.electrolux.com

Advertising